Жігіттің жынын қумақ болған молда оны таяқпен ұрып өлтіріп қойды

13.11.2018 20:05

Әзірбайжанда 25 жастаға жігіттің бойындағы жын-шайтанды қумақ болған молда оны өлтіріп тастады, деп хабарлайды stan.kz.

Бакуде 25 жастағы жігіт психикалық дертпен ауырған. Әкесі 1993 жылы туған ұлын ауылдағы молдаға көрсетеді. Ол молдадан сүре оқып қана қоймай, бойындағы жыннан біржола арылту үшін таяқпен ұруды қолдануды сұрайды.

Ер адам ол үшін молдаға 88 мың теңге төлеген. Ұлын екі жақтан ұстап тұру үшін бірнеше таныс адамын әкеледі. Олардан ұлы қанша айқайласа да, босатпауды сұрайды. Баланы екі сағат бойы ұрып-соғады. Осыдан соң алған ауыр жарақаты салдарынан жігіт көз жұмған.

Полицейлер бұл оқиғаны естіп таңғалған. Олар бұрын -соңды мұндай жағдайды көрмегенін айтқан.