Қазақстанда 1 миллионнан аса адам несиесін төлей алмай отыр

Қазақстанда 1 миллионнан аса адам несиесін төлей алмай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның ішінде, 1 млн 102 мың адам алған несиесін өтей алмай отыр. Несие алушылардың ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге жіберілген, деп хабарлайды Алтайньюс.кз.

14 млн-ға жуық адамның несие алуына шектеу қойылған. Себебі, мектеп жасындағы балалар мен зейнеткерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар несие ала алмайды.

Бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның 64 пайызы берешегін толық өтеуге қауқарсыз. Мамандар соңғы екі жылда тұтыну несиесінің көлемі 48 пайызға артқанын айтады. Қазақстанда жыл басынан бері берілген кредиттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайды. Экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңгені құраған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде, осындай көрсеткіш шығып отыр. Ал кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2 пайыздан 12,2 пайызға дейін төмендеді.

Қазақстан банктерінде 2019 жылдың басында тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Ондағы мақсат – тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу.


Новости партнеров