|
20.12.2018 | 16:10
2511

Алматылықтар биометриялық мәліметтерін тапсыруға сенімсіздікпен қарайды

Алматылықтар биометриялық мәліметтерін тапсыруға сенімсіздікпен қарайды

12 желтоқсаннан бастап биометриялық мәліметтер базасына тіркелу пилоттық режимде өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері Алматыда 83 азамат қана саусақ іздерін тапсырған.

Жоба әзірге Бостандық ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында пилоттық режимде жұмыс істеуде.

Енді азаматтар саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызметті куәліксіз немесе электронды қолтаңбасыз-ақ ала береді. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының мамандары тұрғындардың қорқынышын сейілтіп бағуда. Деректер мықтап қорғалады, қағазбастылықтан арылады және уақыт үнемделеді дейді.

Айта кетейік, саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызметтің барлық түрін алуға болады.

«Биометрикалық мәліметтер бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Барлығын азаматтарға ыңғайлы әрі ашық болуы үшін жасап жатырмыз. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, қазір мемлекеттік қызмет түрін алу үшін түрлі құпия сөздер, СМС-хабарламалар уақытты алады. Ал мұндағы деректер базасы сізді автоматты түрде таниды. Және қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша директорының орынбасары Сабина ТАУАН.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир