Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесуінде биылғы елеулі оқиғаларды қорытындылады

Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесуінде биылғы елеулі оқиғаларды қорытындылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған елеулі оқиғаларды қорытындылады.

Президент мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы баяндап, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында, Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Жұмағалиев пен Бейбіт Атамқұловтың жаңа қызметке тағайындалуының себебін түсіндірді.

«Мен бұл шаруаны баяғыда іске асыруды ойластырған едім. Себебі, Сыртқы істер министрлігін таза саяси ұйым деп ойлайды. Бірақ біз Ресей де, Қытай да, Америка да емеспіз. Бізде қайдағы жаһандық шаруалар болуы мүмкін? Алайда, қазіргі таңда Американың елшілігі өз елінің компанияларының мүдделерін қалай алға жылжытып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Бір жағдай туындай қалса, бірден бізге келеді. Ал бізде ондай жоқ. Керісінше, индустрия, ауыл шаруашылығы министрлігі болсын, біз әр министрліктен елшілікке кеңесші тағайындадық. Ақырында, олардың не істеп жатқанын ешкім біліп жатқан жоқ. Әр министрлік өз өкілін жіберуде. Міне, сондықтан Сыртқы істер министрлігімен сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу мәселесі алдымызда баяғыдан тұрған еді. Инвестиция мен экспортқа қатысты мәселелерді СІМ қызметкерлері реттеуі керек. Оларға бұл жұмыс ыңғайлы. Олар түрлі тілдер мен елдерді біледі. Штаттардың бәрін де соларға беруді жөн санадық. 500 адамға дейін сандалып, не істерін білмей жүргенше, бір органның осы шаруаны бақылағаны дұрыс», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктерін тізіп өтті. Бұдан соң журналистердің сауалдарына жауап берді.


Новости партнеров