Румыниялық әрі канадалық әнші Анка Поп өз көлігінің Дунай өзеніне құлап кетуінің салдарынан ажал құшты. Ол 34 жаста болған. Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әншінің әпкесі оның жоғалып кеткені туарлы мәлімдеген. Артынша Анка Поптың көлігі Румынияның оңтүстік-батысындағы өзеннен табылды. Арада біраз уақыттан кейін дайверлер оның денесін тапты.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары әншінің өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.