Оралда электр қуатының бағасы көтерілмейді

06.11.2018 20:12

Қазан айынан бастап электр жарығының құны өседі деген алып қашпа әңгімелер жалған. Бұл туралы БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды tdk42.kz.


«БатысЭнергоРесурсы» ЖШС осы жылдың 28 тамызында электр энергиясының бағасын 9,9 пайызға өсіретіндіктері жөнінде хабарлама жіберген. Олар жіберген хабарламада электр энергиясын не себепті өсіргісі келетіндеріне бірнеше себепті көрсеткен. Алайда мәселе жан-жақты қарап, электр энергиясының бағасын өсіруге ешқандай негіз жоқ екенін анықталған.