Жас келінді кілемшемен көтеріп шығарғандар жұрттан сын естіді (видео)

09.01.2019 20:15

Әлеуметтік желіде жас келінді кілемшемен көтеріп залдан шығарғандар жұртқа жақпай қалды. Бейнежазбаны жариялаған парақша «Бұл қай өңірдің дәстүрі?» деген сауал жолдап, өзінің де бұл салттан хабарсыз екенін аңғартқан, деп жазды ernur.kz.

Ал бұл бейнежазбаны көрген желі оқырмандарының көбі бұл салттан хабарсыз екендерін айтып, «жақсы дәстүр емес» деген пікірлерін жарыса жазуда. Өйткені аяғы бар жас келін мен оның жеңгелерін бірге кілемге салып, сүйреу мәдениетсіздік деп баға берді.