6 жасар қыз көшеде түнеп жүрген үйсіз жандарға күні бойы сорпа мен сыйлықтар таратты

03.01.2019 20:16


Шотландияда 6 жастағы қыз Рождество мейрамын көшеде өткізіп, үйсіз жандарға сыйлықтар мен сорпа таратты.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Перли Роуз Макгоуэн мейрам қарсаңында кинодан қайтып келе жатып, көшеде ұйықтап жатқан үйсіз ер адам көріпті. Ертесі күні қыз сыйлықтарды қаптап, 57 жастағы атасынан үйсіздерге арнап түрлі заттар жинауға көмек сұраған.

Өз кезегінде оның әжесі сорпа әзірлеп, отбасының өзге мүшелері бутерброд жасауды ұсынған. Сонымен қатар, олар үйсіздерге арнап жинаған сыйлықтардың ішінде қытырлақ картоп, тәттілер, шұлықтар, темек мен ішіне 20 фунт стерлинг (9 мың теңгеден аса) салынған конверттер бар.

«Рождествода барлығы сыйлықтарын ашып көрді. Ішінде түрлі заттар бар еді. Сол кезде Перли көшеде кезіктірген үйсіз жанды есіне алып, көмектескісі келді», – дейді Тереза есімді туысы.

Бастапқыда бүкіл отбасы Глазго көшелерін көлікпен аралап, үйсіздерді іздестіріпті. Мұнан кейін жаяу іздеуге кіріскен. Терезаның айтуынша, күтпеген жерден сыйлық алғандардың бірі жылап жіберген.