52 адам қаза тапқан автобустың иесі Шымкентке жеткізілді

52 адам қаза тапқан автобустың иесі Шымкентке жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен оқиғаға күдікті азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады.

Ұсталған жүргізуші техникалық ақауы бар автобусты заңсыз пайдаланған. Қылмысқа күдікті ретінде танылған өзбекстандық азамат ұзақ уақыт өз елінің аумағында бой тасалап жүрген. Ордухан Мехтиевті еліміздің Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан экстрадициялаған. Халықаралық іздеу жарияланған Мехтиев қазір Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы Ақтөбе облысында өртке оранып, 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді. Аман қалған бесеудің үшеуі Қазақстан азаматтары. Кейін автобустағы жолаушылардың барлығы Ресейге жұмыс істеу үшін кетіп бара жатқаны белгілі болған.



Новости партнеров