Мүгедектік күйге жеткізді: анасы баласын көлігінің жүксалғышына екі жыл жасырып өсірген

14.11.2018 20:20

Францияның Тюль қаласында 50 жастағы әйел істі болып жатыр. Роза Мария Круз жүктілігі мен баласының өмірге келгенін жасырып, күтімсіз өсірген, деп жазды stan.kz.

Әйелге баланы қинап, мүгедектікке дейін жеткізгені үшін айып тағылды. Ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

50 жастағы әйел серігі мен үш баласынан төртінші баласын босанғанын жасырып келген. Баланы 2013 жылы әйелдің көлігін жөндемек болған механик тауып алды. Ол жүксалғыштан ерекше дауысты естіп қалып, кейін баланы тауып алады. Жүксалғышты ашқанда сасық иіс шығады. Ал, қыз бала аққұбаланып, аурушаң күйде болған.

Механик баланың анасына айтқанда ол еш таңғалмаған. Бұл жайт механиктің де таңданысын тудырады.

Әйел қыз баланы 2011 жылы туған. Көршілері де, балалары да анасының жүктілігін байқамапты.

Роза Мария Круз тергеушілерге «баланы емес, оның өмір сүруі үшін затты табу керек еді» деді. Қазір Серена 7 жаста. Асырап алған ата-анасының үйінде.

Полицейлер бұл жайтты білген соң 9 жастағы және 15 жастағы қызын уақытша қамқоршыларға берді. Кейін әкесімен тұруға рұқсат берілді. Ол төртінші бала жайлы білмегенін айтқандықтан, айыпталған жоқ.

Әйелге қатысты сот ісі бір аптаға дейін созылады. Оның психикалық аурумен ауырғаны жайлы айтылған жоқ.