|
16.10.2018 | 18:21
3709

Елімізде жыл басынан бері 10,5 мың тонна ет экспортқа шығарылған

Елімізде жыл басынан бері 10,5 мың тонна ет экспортқа шығарылған

2022 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенін дамытып, экспорт көлемін 2,5 пайызға арттыру керек. Мемлекет басшысының халыққа жолдауында қазақстандық өнім сапасын арттыру да айтылды.

Қазір ауылшаруашылық саласына мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімдер бойынша жүйелі жұмыс жасалуда. Етті мал шаруашылығы саласында да нәтижелі жұмыс атқарылыпты. Жыл басынан бері 10,5 мың тонна сиыр еті шетелге жөнелтілген.  

Бақытжан Әбдірасылов бірнеше жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ет комбинаты қазір Алматы мен Алматы облысындағы ең ірісі. Қасапхана қуаттылығы тәулігіне 500 ірі қара мен 2000 қойды союға мүмкіндік береді. 3 мың бас ірі қара малды бордақылайтын арнайы орны да бар.

«Қазіргі таңда біз ISO стандарттарын енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оған қоса, Еуропалық даму банкі арқылы халықаралық сарапшыларды тарттық. Алдағы 5 жылға жоспарлаған міндеттеріміз бар. Сыртқы нарыққа шыққымыз келеді. Қалада тауарларымызды сататын дүкендеріміз желісі бар. Үлкен супермаркеттер мен мейрамханаларды да өнімдерімізбен қамтып отырмыз», – деді шаруа қожалығының иесі Бақытжан ӘБДІРАСЫЛОВ.

Комбинат ет өнімдерін Иранға экспорттайды. Қытайға шығу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Етті мал шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының жолдауында нақты көрсетілген. Президент 2022 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенін дамытып, саладағы экспорт көлемін 2,5 пайызға арттыруды тапсырды. Жыл басынан бері шекара асқан өнім көлемі 10,5 мың тоннаға жеткен. 46 мың бас аналық ірі қара мал сатып алыныпты.  

Ал томат пастасы мен түрлі салатты дайындайтын мына мекеме өнімге қажетті шикізат пен ыдысты шет елден әкелетінін жасырмайды. Оған мемлекет те өз көмегін тигізіп жатыр. Кедендік жеңілдіктер мен қаржылай көмек өнім түрлерін көбейтуге және экспортқа шығуға мүмкіндік бермек.

«Екі-үш жылдың көлемі болды, тауарларымызды Қырғызстан мен Ресейге шығарудамыз. Ресей нарығына Еуразиялық экономикалық одақтың арқасында шығу едәуір жеңіл болып отыр. Кедендік кедергілер алынып тасталды», – деді томат пастасын өндіретін зауытттың атқарушы директоры Алма МҰҚАШЕВА.  

Дүниежүзілік банк Қазақстанға етті мал шаруашылығын дамытуға 500 миллион доллар бөлуге ниетті. Бұл қаражат алдымен экспорт әлеуетін дамытуға бағытталмақ. Өндірушілерге көмек көрсетілсе, экспортталатын тауар көлемін көбейтуге дайынбыз деп білек сыбанып отыр.


Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир