Үйді «жын шайтандардан» тазартудың соңы өртке ұласты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкенттегі А.Асқаров көшесіндегі жатақханада өрт оқиғасы орын алды. Куәгерлер 85 жастағы қария тұратын бөлмеден түтін шығып жатқанын байқаған, деп жазды otyrar.kz.
Көршілер тез арада өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. Зейнеткер пәтеріндегі «жын шайтандарды» кішігірім от тұтандырып «қумақ» болыпты. Оның соңы өртке ұласқан.
Көршілерінің айтуынша, қарт әжей психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен. Өрт сөндірушілерден бөлек жедел жәрдем қызметі де жедел жетті.
Медқызметкерлер әжейге алғашқы көмек көрсетті. Соңынан әжейді арнайы емханаға алып кетті.
Тілсіз жау 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Шкаф өртке оранған. Соның салдарынан пәтер ішін түтін тұмшалаған. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31