Hackday фестивалі: үздік жоба иелеріне инвесторлар қаржылай көмектеседі

Hackday фестивалі: үздік жоба иелеріне инвесторлар қаржылай көмектеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Hackday инновациялық идеялар фестивалі өтті.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілген байқауды Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған. Сегізінші рет өткен додада 3 мыңға жуық қатысушы бақ сынады. Қатысушылар арасында 11 жастан 60 жасқа дейінгі үміткерлер бар.  

«Бір күннің ішінде біз тапсырманың бәрін орындаймыз. Видео түсіреміз, сонымен қатар өзіміз сценарийді жазып, өзіміз түсіреміз, монтажын жасаймыз. Біздің командамызда 5 адам бар. Бесеуінің өз міндеті бар. Сол міндеттерді орындап, жеңуге тырысамыз», – дейді Hackday-2018 байқауына қатысушы Арайлым АҚАН.

Биыл Hackday «Кино және видео», «Контент және медиа», «Ақпараттық технологиялар», «Мобилдік технологиялар», «Дизайн және анимация» секциялары арасында өтті. Жобасы үздік деп танылғандарға инвесторлар қаржылай көмек көрсетеді.  

«Бүкіл Қазақстан ғана емес халықаралық инновациялық фестиваль деп айтуға болады. Себебі, Ресейден, Египеттен, бүкіл Қазақстан қалаларынан келген өкілдер бар, солар қатысады. Олар 24 сағат ішінде өзінің идеясын прототипке дейін жеткізеді. 8 жылдың ішінде 7 мыңнан астам қатысушы болды, 1 мыңға жуық жоба болды. Олардың ішінде, «Давай сходим», «Нұр қала», «Глюкоуейст», «Тазалық» және басқа да белгілі әрі беделді стартап компаниялар бар», – деді IT ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир ШЫНЫБЕКОВ.



Новости партнеров