Қостанайда ҚР ІІМ ҚАЖК «УК-161/11 мекемесі» РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Марат Нүркин сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс деректерінде көрсетілгендей, 2018 жылдың 14 қарашасында Марат Нүркин өзінің қызметтік кабинетінде тұрып, азамат Ч.-дан пара ретінде құрым аяқ киім алған. Өз кезегінде ол Ч.-ға телефон арқылы сөйлесуге қосымша уақыт беруге, сондай-ақ, одан әрі қамқорлық жасауға уәде еткен.
«Қостанай қаласы №2 сотының шешімімен Марат Нүркин қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы шеттетілді. Ол жазасын қауіпсіздігі төмендетілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», - делінген облыстық соттың хабарламасында.
Сондай-ақ, М.Нүркин әділет майоры шенінен айырылды.