Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
Depositphotos.com
Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының командалық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты.
Ел құрамасы жарыс барысында бес кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 1/16 финалда Түркияны 45:20 нәтижесімен тізе бүктірсе, 1/8 финалда Гонконгтан 45:28 ұпаймен басым түсті. Ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалда Франциядан (45:39) айласын асырды.
Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33