Алматыда бір көшеге Ислам Каримовтың есімі берілді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен 34-ші сессиясында 185 көшенің жаңа атауы мақұлданған. Соның ішінде Алматының және еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың есімі бар. Атап айтсақ, шахарда Поль Гурдэ, Василий Бартольдтің және Өзбекстанның Тұңғыш президенті Ислам Каримовтың атындағы көше пайда болды.
«Бостандық, Алмалы аудандарындағы Гайдар көшесі Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовке берілді. Түркі тілдес халықтың өкілі ретінде ол кісі кезінде Өзбекстан мен Қазақстанға рухани тұрғыдан, мәдени тұрғыдан үлкен үлесін қосты. Сол себепті ол кісінің еңбегін ескеріп, Гайдар көшесін бердік», – деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген ҚАЛАБАЙ.