Сағынтаев қарияларды көпсінген әкімдерді сойып салды

02.10.2018 20:30

 Sputnik Қазақстан.

Сағынтаевтың айтуынша, осы аталған облыстарда 8 айдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау бағдарламасының көрсеткіштерін жыл соңына дейін орындау біраз қиындық тудырып отыр. Үкімет басшысы өлім-жітім көрсеткіші жоғары облыстардың әкімдерінен мұның себебін сұрады. Облыс әкімдерінің бірі жалпы өлім-жітімнің өсуін қариялардың көптігімен байланыстырды. 

«»Сағынтаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа бірқатар тапсырма берді. 

Елжан Амантайұлы, дәрілерді толық жеткізу, медициналық құралдармен және кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын бір жүйеге келтіру қажет. Сол себептен, әкімдерге бүгінгі жағдайды ескере отырып, жағдайды ретке келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын. Алдымен денсаулық сақтау нысандарын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жерде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік схемасын толыққанды пайдалануымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрігерлерді оқыту, емханалар мен ауруханаларды кадрлармен қамту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын қабылдасын», — деп тапсырды Үкімет басшысы.