Оралда оқушы қыз мектеп ішінде газ шашқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.
«Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мұның алдында Оралда 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланғаны хабарланған. Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32