Қазақ жігіті тойда анасының аяғынан сүйіп, жылатып алды (видео)

12.12.2018 20:32

Желіде той кезінде анасының аяғын сүйген жігіттің видеосы пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Желіде тараған видеода жас жігіттің шаңырақ көтеріп жатқаны байқалады.

«Қолыңды жайып, анаң үшін дұға жаса, мұнан кейін аяғынан сүй. Біз осыған куә болайық», – дейді асаба.

Өз кезегінде күйеу жігіт той жүргізушісінің сөзін жерге тастамай, жұға жасап, қонақтардың алдында анасының аяғын сүйді.

Ұлының мұндай әрекетінен кейін анасының жүрегі елжіреп, көзіне жас алып, жылап қалды.


Теги: жігіт