|
28.09.2018 | 09:33
1160

Бүгін WSB сериясының жеңімпазы анықталады

Бүгін WSB сериясының жеңімпазы анықталады

Бүгін «Астана арландары» кубалық «Куба домодореске» қарсы соңғы финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

Айта кетейік, осы күндері Қытайдың Сямын қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық кезеңі өтуде. Онда «Астана арландарының» боксшылары кубалық қарсыластарымен жарыс жеңімпазын анықтайды.  

Өкінішке қарай, ақтық сындағы алғашқы матчта қазақстандық 5 боксшы жеңіске жете алмаған болатын. 

Атап айтқанда, жекпе-жектер 49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов - Дамиан Арсе Дуарте (1:0), 56 келіде Ілияс Сүлейменов - Освель Давид Гарсия (1:1), 64 келіде Ділмұрат Мәжитов - Энди Крус (1:2), 75 келіде Әбілхан Аманқұл - Ослейс Иглесиас Эстрада (2:2) және 91 келіде Нұрбол Әлтаев  - Эрисланди Савон (2:3) жұптары арасында өтті.  

Финалдағы екінші әрі шешуші кездесу 28 қыркүйек күні өтеді. Бүгін рингке «арландардың» тағы 5 боксшысы шығады. Олар - Сәкен Бибосынов (52 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағанбет (81 кг) және Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг). 

Ұпайлар тең түскен жағдайда қарсыласымен қосымша айқасты Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) өткізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жеңімпаз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир