Керчьтегі оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Керчь қаласында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.
«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген.
Кейін қаза болғандар саны 21 адамға жеткені туралы хабарланған болатын.
Фото: Сергей Мальгавко/ТАСС
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10