Алдағы жылы колледждерде оқу мерзімі қысқарады – Білім министрі

16.10.2018 в 20:35

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Бақ.кз.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап, колледждердегі студенттер бұрынғыдай 4 жыл емес, 2 жыл оқиды екен.

«Келе жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқарады. Яғни колледждердегі оқу бағдарламасының кредиттердің саны жоғары оқу орнына беріледі. Нәтижесінде, колледж студенттері бұрынғыдай 4 жыл емес, 3-2 жыл ғана оқиды», – деді министр журналистерге Үкімет отырысынан шыққан соң.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев келесі жылдан бастап ҰБТ-ны бірнеше рет өткізілетінін хабарлады.