Өткен сенбі күні Алматыда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалыққа ерекше мән беретіндер көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындар мен арық жүйелерін, сондай ақ өзен арналары мен жағалауын қоқыстан тазартты.
Аудан әкімдіктері сенбілікке шыққан азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Түрлі ұйымдар, медицина және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Пәтер иелері кооперативтері мен студенттер бірге жұмылды.
«Қар түспес бұрын біз қаланы қоқыстан тазарту мақсатында осы сенбілікті ұйымдастырдық. Шараға 180 мыңнан астам алматылық қатысып, олар жинаған қоқысты 800-ден астам арнайы техника тасыды», – деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Александр СЕРГЕЕВ.