Әпкесінің түсік тастағанына қуанған қалыңдықтан отбасы мен күйеу жігіті теріс айналды, деп жазады Stan.kz.
Қалыңдықтың оқиғасын той ұымдастырушысы айтып берді. Оның сөзінше, қалыңдықтың әпкесі 3 жыл бойы сәбилі бола алмай жүрген. Тойға дейін жарты жыл қалғанда оның аяғы ауыр екені белгілі болыпты. Алайда, осы кезде қалыңдық әпкесі мен оның құрбыларын той қонақтарының қатарынан сызып тастаған. Себебі, әпкесі киетін көйлекке оның іші сыймайтындықтан, қайта тігуге тура келеді екен.
Арада бірнеше ай өткеннен кейін той ұйымдастырушысы қалыңдық және оның анасымен қайта кездескен. Олар әңгімелесіп жатқан кезде анасына біреу хабарласып, ол шығып кетеді. Біраз уақыттан кейін анасы көзі жасқа толған күйде қайтып келеді. Ол үлкен қызы хабарласқанын және оның түсік тастағанын айтқан. Той ұйымдастырушысы клинеттерін қалай тыныштандыратынын білмей қиналған.
Алайда, осы кезде қалыңдық: «Тамаша, ендігі оның аяғы ауыр болмаса, тойыма келе алады деп ойлаймын», – деген.
Оның бұл сөзінен кейін анасының түрі өзгеріп, бұл тойды өткізбейтінін және той үшін ақша төлемейтінін айтқан. Өз кезегінде, қалыңдық жылап, анасын көндіруге тырысыпты. Алайда, анасы айтқанынан қайтпай қойған.
Ұйымдастыруышының сөзінше, ертесі күні күйеу жігіт хабарласып, тойдың мүлде болмайтынын айтқан.