Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады

Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

4 қазанда бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске араққа мас болған халде барғанын айтып отыр.

1962 жылы туған ер адамды тәртіп сақшылары құрықтады.

«Ол ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді», — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.



Новости партнеров