Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады

Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Союз» зымыран тасығышы апатының себеп-салдарын Қазақстан тарапы Ресей мамандарымен бірге анықтайды. Оқиғаға байланысты үкіметаралық комиссия құрылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәлімдеді.

Байқоңырдағы «Гагарин» ұшу алаңынан орбиталық станцияға аттанған пилотты «Союз МС-10» кемесінің зымыран тасығышы санаулы минуттан кейін «апатқа ұшырады».

Алдын ала мәліметке сүйенсек, апат зымыран тасығыштың бөліктері ажырар сәтте орын алған. «Союз МС-10» кемесінің бортында МКС-57/58 миссиясымен «Роскосмос» ғарышкері Алексей Овчинин мен «NASA» ғарышкері Ник Хейг болған. Экипаж дін аман, денсаулықтарына еш қауіп төнбеген. Олар Қарағанды облысына қонған. Жезқазған қаласына 25 шақырымдай жерден табылған ғарышкерлер МИ-8 тікұшағымен қалаға жеткізілді.  

«Әуе кемесінің бірінші және екінші сатысы қайда құлағанын анықтап жатырмыз. Тұрғындардан, жергілікті атқарушы органдардан ешқандай хабарламалар түскен жоқ», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир БЕККЕР.

Алайда, Владимир Беккердің айтуынша, «Союз» кемесінің екі сатысы қайда құлағаны әлі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша бір бөлігі Қарағанды облысына құлаған. Ал Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі орын алған жағдайды апатты деп емес, штаттан тыс жағдайға жатқызып отыр. Құлаған зымыран тасығыш қоршаған ортаға да еш зардап әкелмейді деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.  




Новости партнеров