|
05.11.2018 | 15:41
1456

Алматы билігі үнемделген 5,2 млрд теңгені қайда жұмсамақ

Алматы билігі үнемделген 5,2 млрд теңгені қайда жұмсамақ

Алматы мәслихаты бюджеттен үнемделген қаржыны жұмсау мақсатында қаулы шығарды. Бюджеттік өзгертулер ҚР Электронды үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, биыл мемлекеттік сатып алулар бойынша -267,5 млн теңге, аса маңызды емес шараларды қысқартқаннан 4,9 млрд теңге үнемделген.

Осылайша үнемделген 5,2 млрд теңгеден қаланы көріктендіруге - 321,9 млн теңге, жол-көлік инфрақұрылымына - 2,8 млрд теңге, қауіпсіздік саласына -  1,2 млн теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына - 217,2 млн теңге, денсаулық сақтау саласына - 3,9 млн теңге, мәдениет және спорт саласына - 100 млн теңге, кәсіпкерлікті қолдауға 591,2 млн теңге қарастырылған.

Қоғамдық талқылау 15 қарашаға дейін жалғасады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир