6 жасар қыз інісі жатқан бесікті өртеп жіберген

13.11.2018 20:42

Самарқандта алты жасар қыз екі айлық інісі жатқан бесікті өртеп жіберген. Бұл жайында жергілікті БАҚ Өзбекстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады abai.kz.

Ата-анасы үйіндегі балаларын қараусыз тастап кеткен. Ал сіріңкемен ойнап отырған кішкентай қыз бесікке от қойған. Бесікте екі айлық шақалақ болған.

Ата-анасы өртті сөндіріп үлгерген, ал балалары әртүрлі деңгейдегі күйік жарақатымен ауруханаға түскен.


Теги: сәби бесік