Сауль Альварес чемпиондық белбеулерінің бірінен айрылды

Сауль Альварес чемпиондық белбеулерінің бірінен айрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен аптада қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңіп, орта салмақтағы төрт бірдей чемпиондық белбеуді иемденген мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) Халықаралық бокс ұйымы (IBO) белбеуінен айрылды, деп жазады Vesti.kz.

15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен соңғы жекпе-жегінде Альварес төрешілер шешімімен Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңген болатын. GGG үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс болып, ол WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған еді.

HBO сарапшысы болса Головкинді жақтап, төрешілерге сын айтты.

Кейін Головкинмен жұдырықтасар алдында Альварес IBO ұйымына санкциялық салым төлемегені анықталды. Осылайша, бұл ұйымның белбеуі иесіз қалды.

IBO белбеуін Головкин 2011 жылы Германияның Киль қаласында америкалық Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған болатын. Қазақстандық бұл белбеуін 17 рет сәтті қорғаған.

IBO негізгі нұсқалар арасында беделі төмендеу саналады. Мәселен, абсолют чемпион атану үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.

"Канелодан" жеңілгеннен кейін Головкин P4P патшасы атағынан айрылды.

IBO 1988 жылы құрылып, кәсіби бокста маңыздылық жағынан бесінші болып саналады. Қазір бұл ұйымның белбеуі атақты боксшылардан Энтони Джошуада (21-0, 20 КО) бар, аса ауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық WBA (Super), WBO және IBF белбеулеріне де ие.

Новости партнеров