Қарағанды облысында төрт баланың ата-анасын өлтіріп кетті

31.10.2018 20:48

Қарағанды облысының Балқаш стансасында қойма басшысы мен оның әйелін өлтіріп кетті. Олардың артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адамның денесі тұрғын үйлердің бірінен табылды. Екеуінің де мойны кесілген.

Құқық қорғау органдары күдіктінің тұлғасын анықтады. Қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр.

Аталған оқиғаға қатысты «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ал Instagram желісіндегі Go_balkhash тобында күдікті туралы мәлімет жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, күдікті 1991 жылғы. Ол сол стансадағы үйлердің бірінде тұрған екен.