Жезқазған тұрғыны 27 жастағы әйелін басынан атып жіберген

06.12.2018 20:49

5 желтоқсан күні Жезқазғанның орталық ауруханасына басынан жарақат алған 27 жастағы келіншек жеткізілген. Жедел іздестіру барысында әйелді өзінің күйеуі ашу үстінде аңшы мылтығымен атқаны анықталды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам өз кінәсін мойындаған.

27 жастағы азамат отбасылық кикілжің кезінде ашуға бой алдырғанын айтыпты.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Ер адам уақытша изоляторға қамалған.