«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының төраға орынбасары тағайындалды

04.10.2018 21:20

«Нұр Отан» партиясының Алматы филиалында кадрлық тағайындау. Бүгін филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Станислав Канкуров тағайындалды.  

Станислав Канкуров жақында ғана Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған Жұлдыз Омарбекованың орнына келді.

33 жастағы Станислав Канкуров Алматы облысының тумасы. Үш жоғары білімі бар және 3 тілді жетік меңгерген. «Нұр Отан» партиясында 7 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Ал соңғы бірнеше жылда төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өз кезегінде, Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жұлдыз Омарбековаға жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, жаңа басшылықтың алдына партияның қоғамдық қабылдауын модернизациялау, депутаттық фракция мен «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын күшейтуді тапсырды.