Алматыда сәулетшілер қала көшелерін жаңарту жоспарын талқылады

Алматыда сәулетшілер қала көшелерін жаңарту жоспарын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қала көшелерін жаңарту жоспары талқыланды. Сәулетшілер тұрғындардың пікірін біліп, қала мәселесін талқылауға әлеуметтік желілер аз болады дейді.

Бұл туралы Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандары мен тәуелсіз архитекторлар кездесуінде айтылды. Жиында мегаполис тұрғындарына ақпарат таратуды күшейту мен сарапшыларды көбейту ұсынылды.    

«Қаланың Сәулет және қала құрылысы басқармасының ресми сайтында жаңаратын 8 көшенің құжаты жарияланған. Яғни, менің түсінгенім, онда жүргіншілерге басымдық берілмек, біржақты көлік қозғалысы болады делінген. Толық ақпарат жоқ. Сондықтан онда кірген адам көшенің қалай өзгеретінін, ол жерде не болатынын біле алмайды. Ақпарат аз», – деді архитектор Айсұлу УӘЛИ.  

Қаланың Сәулет және құрылыс басқармасының мамандары жиында айтылған ұсыныстардың барлығы қаралатынын айтты. Сонымен қатар, Алматының бас жоспары қала тұрғындары және қоғам белсенділерімен бірігіп дайындалып жатыр екен. Қазір мамандар құжаттың бекітілуін күтіп отыр. Содан кейін ашық талқылау өткізіледі. Сол арқылы келесі жылдың жұмыс жоспары белгілі болмақ.    

«Келесі жылда мүмкіндік болса, аяқтаймыз. Қабылдауға елшілікке береміз. Келесі жылы бас жоспар бойынша талқылаулар басталады», – деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан АХМЕТЖАНОВ.    


Новости партнеров