|
23.10.2018 | 15:56
1630

«Головкин «Канелоға» керек». GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

«Головкин «Канелоға» керек». GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Промоутер Том Леффлердің пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бұрынғы чемпионнан гөрі мексикалық боксшыға көбірек қажет, деп жазады Sports.kz.

Былғары қолғап шеберлерінің бірінші кездесуі тең аяқталып, екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Альварестің мерейі үстем болған.

«Геннадий «Канеломен» күш сынасуға әрқашан дайын. Головкиннің екі рет жеңіске жеткенін білеміз. Мұны үшінші рет қайталауға еш кедергі жоқ. Әрі біздің ойымызша, «Канело» GGG-ге қарағанда,  GGG «Канелоға» көбірек керек, себебі Сауль фанаттарына төрешілердің шешімімен ғана емес, шын жеңіске жеткенін дәлелдеуі тиіс», — дейді Леффер ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бірінші кездесу жақсы өтті, екіншісі одан да асып түсті, ал енді үшінші жекпе-жек тіптен керемет болмақ.

«Ұйымдастыра аламыз ба, көреміз. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеспен үнемі хабарласып отырдым. Трилогия жасай аламыз ба, уақыт көрсетеді», — деп сөзін түйіндеді Леффлер.

Еске салсақ, Головкин 15 қыркүйекте өткізген соңғы жекпе-жегінде Альварестен жеңіліп қалып, WBA (Super), WBC және IBO чемпиондық титулдарынан айырылды. Барлық белбеу мексикалық боксшыға тапсырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

GGG Канело
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир