Калалық қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия құрамында 51 адам бар
Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссия сталиндік тізімдерге талдау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оларға КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының көшпелі сессиясының үкімімен қуғын-сүргінге ұшырағандар кіреді. Тізімдегілердің көпшілігі ату жазасына кесілген. Ал комиссия 50 ату тізімін зерттеп, оның ішінде ақталмаған 42 адам бар екенін анықтаған. Айта кету керек, қалалық қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия құрамында 51 адам бар.
«Осы комиссияның жұмысы да ұмыт қалған есімдерді ақтау, жалпы ұрпақ санасында тарихқа деген құрметті сіңіру баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз болып табылады», – деді саясат ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова.