Алматыда қар тазалау жұмыстарына 2500 жұмысшы жұмылдырылды

21.12.2018 20:59

Алматыда қар шығару жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр. Ол үшін 850-ге жуық арнайы техника мен 2500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда 8 ауданда да жүргіншілер жолы мен көшенің жиектері жаппай жиналуда. Ал көктайғаққа қарсы 3 мың тоннадан астам қоспа себілген. Соңғы бір аптада қаладан 5 мың 750 текше метр ақұлпа шығарылған.

«Қала әкімдігі қала тұрғындарын және автокөлік иелерін коммуналдық мекемелердің жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Және осыған орай қала әкімдігінде және аудандық әкімдіктерде арнайы кезекшілік орнатылды. Қала тұрғындары тарапынан көліктерін жолдың шетіне қоймауды сұраймыз. Және түнгі уақытта абай болыңыздар. Себебі, эвакуатормен автокөліктерді орнын ауыстыруы мүмкін», – деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы Айжан КЕНЖЕБЕКОВА.

Еске сала кетейік, қала көшелерін қардан тазалау үшін биыл қосымша 13 алдыңғы қатарлы арнайы техника сатып алынды. Нәтижесінде, қаланың коммуналдық қызметіндегі арнайы техникалардың саны мыңнан асты.