«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады.
Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де.
Ел тағдыры таразыға түскенде, іштегі жау жағадан алса... Жарлыған бас бөрік ішінде. «Сүлеймен сұлтан» Дс-Жм сағат 19:55-те.
Жастар туралы, жастар үшін, жастармен бірге! Әр жексенбі сайын 12:30-да «Жастар қаласы» бағдарламасында.
Күмбірлеген күй – құдырет. Жыр, терме – бабалар тілегі. Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнерді алқалы әлеуметке боямасыз ұсынамыз. Ұлттың музыкасы – ұлттың «Інжу-маржаны» 21-сәуір, сенбі 12:30-да.
Бәс тігілді, ойын басталды. Екеудің көздегені жеңіс. Ал, адалдық сынға түссе ше? Өмірдің өзі «Бәсеке». Дс-Жм сағат 15:30-да «Алматы» телеарнасында.
Жері шұрайлы, шөбі шүйгін қазақтың байтақ даласы. Заманаға сай сәулет, жанға жайлы ғимарат. Әлемдік бәсекелер алаңы. Асқақ Алатаудың етегіндегі құпияға толы алып шаһарды бірге аралаймыз! 22-сәуір, жексенбі 13:00-де «Асықпайық»бағдарламасын жіберіп алмаңыз!