Алматыда күн салқындап, жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін.
Дүйсенбі, 16 шілдеде жауын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +35, түнде +21 градусты көрсетеді.
Сейсенбі, 17 шілде күні термометр бағаны күндіз +35, түнде +19 градусқа дейін көтеріледі.
Сәрсенбі, 18 шілде күні жауын жауады. Күндіз термометр бағаны +32, түнде +17 градусқа төмендейді.
Бейсенбі, 19 шілдеде ауа температурасы күндіз +32, түнде +16 градус болады.
Жұма, 20 шілде күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +21 градусқа дейін жоғарылайды. Күн ыстық болады.
Сенбі, 21 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +33, түнде +18 градусты көрсетеді.
Жексенбі, 22 шілде күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +18 градус болады.