Алматыда көмір бағасы арзандады

Алматыда көмір бағасы арзандады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі ҚР Инвестициялар мен даму министрлігімен және ҚР Тау кен өндірісі қауымдастығының өкілдерімен ақылдаса отырып, 4 көмір жеткізуші кәсіпорынмен келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылдың 23 қарашасында қала әкімдігі мен тасымалдаушылар көмір бағасын 1900 теңгеге арзандату бойынша меморандумға қол қойды. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәлімдеуінше, уағдаластық арқасында Сүйінбай даңғылы, 567 а мекенжайындағы Медеу стансасында «Әлем-х» ЖШС «Қаражыра» байытылған көмірінің 1 тоннасының құны - 14 500 теңгеден 13 700 теңгеге түсті.

Бекмаханов көшесі, 88 «Г» мекенжайындағы «Дьячков А» ЖШС  «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы 14 500 теңгеден 12 700 теңгеге арзандады.

Бекмаханов, 88 Б Алматы 1 стансасында «Әлем көмір» ЖШС «Қаражыра» көмірінің 1 тоннасы 14 500-ден 13 700 теңгеге арзандатылды.

Іле тас жолы, №20, Красногвардейский тас жолы 499 В темір жол тораптарындағы «Санат» ЖК   «Шұбаркөл» көмірінің 1 тоннасы  14 500 теңгеден 12 600 теңгеге дейін төмендеді.

Айта кету керек, жылыту маусымы басталғалы бері Алматы әкімдігі көмір құнының қымбаттауына жол бермей келе жатыр. Сонымен қатар, қала билігі алматылықтар арасында көмір тапшылығы болмайтынын айтып сендірді.



Новости партнеров