Қызы науқастанып қалған туған әкесін айдалаға апарып тастап кеткен

Қызы науқастанып қалған туған әкесін айдалаға апарып тастап кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияда әйел қарт әрі науқас әкесін үйінен 70 шақырым алыс жердегі тасжолдың бойында тастап кеткен.

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Оцу қаласында тұратын 46 жастағы Ритсуко Танака жұмыссыз жүр. Ол 79 жастағы әкесін Кобе қаласының шетіндегі техникалық қызмет көрсету стансасының маңына апарып тастап кеткен. Артынша станса қызметкерлері тасжолдың бойында отырған  қарияны көріп, оның есімі мен мекенжайын білуге тырысады. Алайда Альцгеймер дертіне шалдыққан қария өзіне қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған. Тек қызының есімін ғана айтыпты.

Станса қызметкерлері полиция шақырған. Мұнан кейін тәртіп сақшылары Танакамен хабарласып, оны науқас әкесіне қамқор болмады деп айыптады.

Әйел әкесін айдалаға апарып тастап кеткенін растады.

«Ол менімен бірге тұрғанша, оны тұтқындап, қарттар үйіне апарғаны жақсы деп ойладым», – дейді Танака.

Полиция оны ұстап, қамауға алды.


Новости партнеров