|
14.11.2018 | 16:06
948

Калифорниядағы өрт құрбандарының саны 50 адамға жетті

Калифорниядағы өрт құрбандарының саны 50 адамға жетті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрттен қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Ондаған адам із-түзсіз жоғалғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Қаза тапқан адамдардың мәйіттері негізінен, Парадайс қаласы маңынан табылған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы.

Калифорнияда орманда тұтанған өртті бір аптадан бері сөндіре алмай жатыр. Өрттен 200 мың адам басқа жаққа көшіріліп, 400-ден астам ғимарат бүлінген. Штаттың кейбір округтерінде төтенше жағдай жарияланған. АҚШ билігі мұны Калифорния штатындағы адам ең көп қаза тапқан ірі өрттер қатарына жатқызып отыр. Өрт бір мыңнан астам шаршы шақырым аумақты шарпыды.

Бұған дейін жергілікті билік өрт үш аптада сөндірілуі мүмкін екенін хабарлаған. 12 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорнияны ең ірі табиғи апат аймағы деп жариялаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир