Голливудтық тағы бір мультфильм қазақ тілінде сөйледі. Бүгіннен бастап «Ральф интернетке қарсы» фильмі еліміз кинотеатрларына прокатқа шықты. Туындының алдын ала көрсетілімдері Астана және Алматы қалаларында өтті.
Бұл – «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен қазақ тіліне дубляждалған 26-шы мультфильм. Халықаралық ғаламтор терминдері көп қолданылса да, ол қазақша дубляжда өте сәтті ойналған. Ральф кішкентай досы Ванилопамен бірге интернеттің шексіз кеңістігін бағындыруға аттанады. Осылайша, әртүрлі шытырманды оқиғаларды бастан өткізеді.
«Ральф интернетке қарсы» диснейлік мультфильмі Ральф пен Ванилопаның арасындағы достық туралы. Соның арасындағы хикаялар, оқиғалар, шиеленістер, екеуінің достығы әсерлі берілген. Ральф – Ванилопаның ең жақсы көретін досы», – деді «Ванилопаны» дыбыстаушы Инабат ӘБЕНОВА.