Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек келісімшарты электронды форматқа ауысады

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек келісімшарты электронды форматқа ауысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай жұмыс беруші мен жұмыскер арасында қағазға түскен келісімшарт жойылуы мүмкін. Яғни, қос тарап арасындағы келісім электронды форматта жасалады.

Сандық нұсқаның тиімді тұстары қандай? Бұл туралы Алматы қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының  еңбек инспекторы Мәди АБДУЛЛАЕВТАН сұрап білсек.

– Мәди Лесбекұлы, электронды еңбек келісімшартының бұған дейінгі қағаз түрінен айырмашылығы қандай? Онда қандай мәліметтер сақталады?

– Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын заңдастыру «Жол картасы» шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілгі электрондық еңбек шарттарымен автоматтандыру ақпараттық жүйесін әзірледі. Ол жүйенің аты- «эйчар» (HR). Электрондық келісімшарттардың мазмұны бүгінгі таңда қағаздық келімісшарттардың мазмұнына сәйкес. ҚР Еңбек кодексінің 28-бабында көрсетілгендей, барлық шарттар көрсетілуі тиіс. Яғни, жұмыс берушімен жұмыскердің деректемелері, мекеменің атауы, жұмысқа орналасу үшін қызметкерлердің аты-жөні, мекенжайы, еңбекақысының көлемі, келісімшарттың мерізімі деген ақпараттардың бәрі Еңбек кодексінде көрсетілген. Ақпараттар электрондық келісімшартта да солай көрсетілетін болады.

– Электронды еңбек келісімшарты қалай жұмыс істейді? Оның артықшылығы қандай?

– Электронды еңбек келісімшартының артықшылығы айтарлықтай көп. Еңбек қатынасына түсетін тараптардың барлық мүдделері көрсетіледі. Мәселен, бүгінгі таңда қағаз түріндегі еңбек келісімшарттарын Еңбек кодексіне сәйкес, екі тарапта – жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бір-бір данасы болуы тиіс. Ең көп арыз түсу барысында анықталғандай, жұмыскерлер, яғни қызметкерлер жұмыс берушімен еңбек қатынасында болғанын дәлелдей алмай жатады. Себебі, жұмыс беруші оған қағаз түрінде еңбек келісімшартын бермейді. Электрондық еңбек келісімшарты жасақталғаннан кейін, барлық ақпараттық жүйеде енгізіледі. Яғни, жұмыс беруші, жұмыскер, мемлкеттік орган, жалпы қоғамға ол ақпарат қолжетімді болады.

Жұмыскер өзіне тиісті төлемақыны, зейнетақы аударымдарының бәрін бақылап отыра алады. Сондай-ақ, оған жұмыс берушімен еңбек қатынасында болғанын дәлелдеу өте жеңіл болады. Екіншіден, қызметкерлерге қатысты жеңілдік болады, яғни жұмысқа орналасу барысында диплом, аттестат, мекенжай анықтамасы сияқты көптеген анықтама қағаздарды қағаз түрінде жеткізуге айтарлықтай уақыт кетеді. Ал электрондық келісімшарт жүйесі негізінде қызметкерлердің жеке ісі жасақталатын болады. Сол жеке ісінде барлық ақпараттар орналастырылады. Көптеген анықтамаларды қағаз түрінде жинаудың қажеті болмай қалады.

Жұмыс берушіге де айтарлықтай жеңілдік көп. Эйчар жүйесінде қызметкерлердің іс парағы болатын болады. Жұмыс берушінің қызметкерлер арасында өзіне лайықты маманды таңдап алуы жеңіл болады. Өйткені, жұмыскердің іс парағында қай жерде қандай жұмыс істеді, қандай баппен жұмыстан кетті деген мәліметтердің бәрі сақталатын болады. Сондықтан жұмыс беруші үшін өзіне қажетті жұмыскерлерді таңдауда да өте тиімді.

– Электронды еңбек келісімшарты толығымен іске қосылған соң қағаз түріндегі нұсқасы жойыла ма? Еңбек кодексінде қандай өзгерістер болады?

– Еңбек кодексінің өзгерістерін айтатын болсақ, барлық жұмыс берушілер еңбек шарттарының барлық түрін жасақтауға міндеттелетін болады. Мемлекет тарапынан оларға уақыт беріледі. Келешекте қағаз түріндегі еңбек шарттары жойылады деген болжам бар.

– Маңызды мағлұматыңызға рахмет!  


Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров