Алматылық оқушылар Варшава университетіне грантқа оқуға қабылданды

Алматылық оқушылар Варшава университетіне грантқа оқуға қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санкт-Петербург қаласында оқушылар мен студенттерге арналған «Ресей-Қазақстан: жас ғалымдардың болашаққа көзқарасы» деп аталатын I халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, 1 орынды жеңіп алған алматылық оқушылар: Асанxанова Анель және Әлиев Санжар Сан-Варшава университетіне оқуға қабылданатын болды.

Айта кетсек, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен ресейлік және қазақстандық 70-ке жуық дарынды оқушы бақ сынаған халықаралық жарыста ең мықты деген 10 оқушыға ғана жүлделі орындар мен марапаттар табыс етіледі. Екі елдің ең үздік оқушыларының арасында үздік ондыққа ілігіп, 1-ші орынды ұтып алған аталмыш оқушылар Алматы қаласындағы С.Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 10-сыныбында білім алады. Енді Польшаның Варшава қаласында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арнайы шақырылып отырған Асанxанова Анель мен Әлиев Санжарға SAN Warszawa (Społeczna Akademia Nauk Warszawa) университетіне грантқа оқуға қабылданғандары туралы арнайы қағазды салтанатты түрде табыс етілмек.    

Сондай-ақ, Санкт-Петербургте өткен ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық жобалар сайысының жеңімпазы, 10-сынып оқушысы Әбіләкім Қаныбек те өз білімін Польшада шыңдамақ.  

«Дарынды оқушыларды білім сайыстарына дайындау маған ешқашан қиынға соққан емес. Қайта керісінше, алға ұмтылып тұрған баланы халықаралық ірі жарыстарға дайындап, бар білгенімді бөлісіп, олардың бағының да, жолдарының да ашылуына атсалыссам, өзімді бақытты сезіне түсемін. «Өзім сияқты балалармен бәсекелесуге дайынмын» деп құлшынып тұрған баладан айналасың ғой! Шәкірттерімнің жеңіспен оралғанын естігенде, шаршағанымды да, дайындық кезінде, сапар барысында болған талай қиындықты да бірден ұмытып кетемін», – дейді Халықаралық Экология, инженерия және педагогика ғылымдары акалемиясымен бірігіп оқушыларды xимия пәнінен олимпиада және жобалар сайысына дайындайтын xимия пәнінің мұғалімі, Ы Алтынсарин төс белгісінің иегері Шынар Бектасқызы.  

Новости партнеров