Тал түбінде табылған баланың әкесіне қатысты сот отырысы басталды

Тал түбінде табылған баланың әкесіне қатысты сот отырысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шығыс айналма автожолында өз баласын таспен ұрған ер адамға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот алдына Мұрат Асқароғлы келді. Осыған дейін ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») айыпталып жатқаны хабарланған еді.

Алайда кейінірек ол баптың ауыстырылғаны (99-баптың 3-бөлігі «Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан») белгілі болды. Асқароғлының адвокаты Нұрлан Үстеміров істің қайта квалификацияланғанын білмегенін айтады. Адвокат іс материалдарымен танысуға уақыт беруді сұрады. Сондықтан сот отырысы басқа күні өтеді.

Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі. Үйленген, екі ұлы бар.



Новости партнеров