|
16.10.2018 | 16:10
6830

Алматыдағы «Алмалы» ойын-сауық орталығы қайта ашылатын болды

Алматыдағы «Алмалы» ойын-сауық орталығы қайта ашылатын болды

Алматыдағы «Алмалы» ойын-сауық орталығы келесі жылдың күзінде есігін қайта ашады.

Қазір ғимаратта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы күні қабырғаларына жапон технологиясымен сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде. Ол зілзала кезінде 10 баллға дейін төтеп беруге қауқарлы.

«Алмалы» жер астында орналасқандықтан, қауіпсіздікке аса мән беріліп отыр. Сондықтан біз қабырғалары мен төбесін жапон және неміс технологияларымен күшейтіп жатырмыз. 100 көлікке арналған тұрақ та жаңартылады. Ойын-сауық орталығында демалушылар өзін жайлы сезіну үшін ғимаратты жаңартуға бел будық», – деді «Алмалы» ойын-сауық орталығының директоры Анастасия ПЕТРАНЦОВА.

Орталық директоры демалыс орны мүлдем басқа кейіпке енетінін айтады. Онда субұрқақтар орнатылып, Қызыл кітапқа енген ағаштар отырғызылады екен. Сонымен қатар, балалар ойнайтын алаң да қарастырылған. Жаңа «Алмалы» көбіне ана мен баланың демалатын жеріне айналмақ. Болжам бойынша ойын-сауық орталығына күніне 8 мың адам келеді деп күтілуде.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир