Ақмола облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша 28 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 25 метрге жетеді деп күтілуде.
Ал 29 қыркүйек күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, ал екпіні 25 м/с.
Астанада таңертең найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал.