Алматы мектептерінде суицидтің алдын алу бойынша бірегей әдіс енгізілді

Алматы мектептерінде суицидтің алдын алу бойынша бірегей әдіс енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отбасының әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы жасөспірімнің суицидке баруына түрткі болмайды. Бастысы, баланың оғаш қылықтарын дер кезінде байқау керек.

«Көшбасшы әйелдер қорының» мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша суицидтің алғашқы белгілерін айқындады. Олар Алматының 15 мектебінің базасында балалармен, ата-аналармен жұмыс жасаудың бірегей моделін енгізіп, тәжірибе ретінде жүргізген. Енді қоғамдық қор тәжірибеден өткізген бағдарламасын еліміздегі барлық білім ошақтарына енгізу үшін Білім және ғылым министрлігімен келісіп жатыр.  

«Ең басты мәселе, баланың жүріс-тұрысындағы өзгерісті байқау. Егер балаңыз ашық, белсенді болып жүріп, кенеттен тұйық, ешкіммен араласпаса, бірден бір себеп осы болуы мүмкін. Кей жағдайларда олар өздерінің заттарын тарата бастайды. Енді бірде «өмір сүргім келмейді, сендерден кетемін, барлығы шаршатты» деген секілді сөздерге ата-аналар мән бермей, жай қорқытқысы келеді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл өз-өзіне қол жұмсаудың айқын белгілері», – деді «Көшбасшы әйелдер қоры» қоғамдық қорының жобалық директоры Светлана БОГАТЫРЕВА.


Новости партнеров