Алматыда Алмалы ауданының жастары бас қосты

30.11.2018 21:16

Тұңғыш Президент күніне орай Алмалы ауданының жастары форумда бас қосты. Бүгінгі таңда аудан халқының 30 пайызын жастар құрайды. Себебі, Алматы қаласындағы 16 жоғары оқу орны да осы ауданда.

Мерекеге орай, ауданда жастар корпусы ашылмақ. Алдағы уақытта студенттер мен оқушыларға Елбасы ұсынып отырған мүмкіндіктерді жан-жақты түсіндіріп, болашақтың іргесін бірге қалауды үйретпек.  

«Жастар корпусының мақсаты – Алмалы жастарының басын қосып, біріктіріп, креативті жаңа жобаларды іске асыру. Біздің тарихымыз Алмалы ауданынан бастау алып, ары қарай Алматы қаласына, Қазақстан Республикасына өседі», – деді М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының тәрбие жөніндегі департамент директоры Әзиз ҚАЖДЕНБЕК.

Ал Медеу ауданында Мереке қарсаңында ауданда жаңа балабақша мен ойын алаңы ашылмақ. Шараға қоғам қайраткерлері мен желтоқсаншылар шақыртылған. Келген қонақтарға Президент тұлғасын сан түрлі қырынан көрсететін суреттер ұсынылады.  

«Дамыған қоғамда, мемлекеттерде осындай мереке  болып тұр. Ол мереке сол мемлекетті басқарып отырған, қолбасшыларға арналады. Біздің Қазақстанда осы мерекені атап өтуімізге 4-5 жыл болды. Менің ойымша, бұл дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, дамыған ел болып келе жатырмыз. Қазақтың жақсы мақалы бар. Той тойға ұлассын.Бұлда біздің еліміздің бір тойы деп есептеймін», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким СЕРІКБАЕВ.