Алматыда қылқалам шебері Табылды Мұқатовтың мерейтойына орай ұйымдастырылған «Құм жазуы» атты көрме ашылды.
Экспозицияға суретшінің 2000 жылдардан бергі жұмыстары мен жүзден аса графикалық және кескіндемелік туындылары қойылған. Табылды Мұқатов кезекті көрмесін «Құм жазуы» деп туған өлкесі Нарынқұмға арнаған. Аталмыш көрме Әбілхан Қастеев мұражайында ақпанның 3-іне дейін жалғаспақ.
«Мен осы көрмені Нарынқұмның қасиетті құмына арнадым. Сол үшін өмірбақи еңбектеніп келемін. Мінекей, 70 жастан асып бара жатқанда, сол өзімнің балалық шағымда жалаң аяқ құмын басқан туған жерімнің табиғатына ризалығымды осы суреттер арқылы білдіргім келді», – дейді суретші Табылды МҰҚАТОВ.